«HOUSE OF CULTURE OF YOUTH»

Өнер және мәдениет қайраткерлері туралы қысқаша мағлұмат

 

Сүлейменов Әділбек Насекенұлы – 1955 жылы 27 ақпанда Казталов ауданы Бостандық ауылында туған.

Ұлты – қазақ

Білімі – жоғары, А. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген.

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Жігер» республикалық фестивалінің лауреаты.

Жұмыс орны – «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-ның «Баян» үйірмесінің жетекшісі. Негізгі шығармашылық қызметі – әнші-сазгер, шәкірт тәрбиелеуші. Шығармашылық жетістіктері: «Әкем-әнім», «Ауылдастар» атты әнжинақтардың авторы.

Кужаков Қанатқали – 1953 жылы 5 қыркүйекте Камен ауданы, Беленький ауылында туған.

Ұлты – қазақ

Білімі – жоғары, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Музыка және ән» факультетін бітірген. Қазақстан ССР-інің Еңбек сіңірген артисі. Жұмыс орны – «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-ның орыс халық аспаптары оркестрінің әншісі. Негізгі шығармашылық қызметі – әнші.

 Амирханов Мұрат Амирханұлы 1953 жылы 5 қыркүйекте Камен ауданы, Каменка ауылында туған.

Ұлты – қазақ

Білімі – жоғары, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, 2 – ші дәрежелі «Қайсар» кеуде белгісімен наградталған. Жұмыс орны –  «Жастар мәдениет үйі» МКҚК – ның орыс халық аспаптары оркестрінің әншісі. Негізгі шығармашылық қызметі –  әнші.

 Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлы – Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ

Білімі – жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, 2-ші дәрежелі «Қайсар» кеуде белгісімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен наградталған, 2016 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Құрмет орденімен наградталды, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, республикалық дирижерлар байқауларының жеңімпазы, бірнеше партитуралар, әндер, күйлер жинағының авторы.

Жұмыс орны – «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-ның «Оралым» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі. Негізгі шығармашылық қызметі – дирижер

 Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы 1973 жылы 4 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Халықаралық, Республикалық байқаулардың дипломанты, жоғары және орта оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Жұмыс орны – «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-ның «Оралым» фольклорлық ансамблінің әртісі. Негізгі шығармашылық қызметі – қобызшы.

Қажымов Қырымгерей Қажымұлы – 1946 жылы 19 наурызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі – жоғары, Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын бітірген. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008 жыл 5 желтоқсан), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің қауымдастырылған профессоры (доцент), академиялық атағы бар (2013 жыл, 28 қазан ), Жұмыс орны –  «Жастар мәдениет үйі » МКҚК-ның «Оралым» фольклорлық ансамблінің аранжировщигі. Негізгі шығармашылық қызметі – дирижер.

Ислямгалиев Армат Жұбайұлы –  1976 жылы 12 қыркүйекте Қаратөбе ауданында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – орта-арнаулы. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Республикалық  жыршы – термешілер байқауының лауреаты, 2017 жылғы  28 қарашада     ҚР   Мәдениет   және    спорт  Министрлігінің  «Мәдениет саласының үздігі»  төсбелгісімен   наградталды. Жұмыс орны – «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-ның – «Оралым» фольклорлық ансамблінің әншісі. Негізгі шығармашылық қызметі – шәкірт тәрбиелеуші, термеші

Кисметов Қуаныш Лабибұлы  – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында 1977 жылдың 9 маусымында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2001 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Музыкалық білім» мамандығын, 2014 жылы «Музыкалық білім» магистратурасын бітірген. 2015 жылдан Н. Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің аспиранты.

І-ші Республикалық Ә. Бейсеуов атындағы «Армандастар» (Орал – 2006), Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» (Шымкент – 2004 ж), Халықарлық «Ялта – 2006» (Украина), Польша мемлекетінде өткен «Мир под Кычером – 2009» байқауларының лауреаты, 2016 жылғы 20 қазанда Құрмет белгісімен, 2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды. Жұмыс орны – «Жастар мәденит үйі» МКҚК-ның әуенді – аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі. Негізгі шығармашылық қызметі – әнші-сазгер, шәкірт тәрбиелеуші.

 

Designed by TORUS.KZ