#  
«Жастар мәдениет үйі» МКҚК

Әділбек Сүлейменовтың «Әкем – әнім» атты шығармашылық ән кеші өтті

2020 жылдың 27 ақпан күні Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, әнші-сазгер Әділбек Сүлейменовтың «Әкем – әнім» атты шығармашылық ән кеші өтті.

Шығармасының шыңы, қазір туған ел топырағынан әрі асып, төрткүл дүниеге түгел дерлік тарап, ағамыздың төлқұжатына айналған Орынбасар Сүттібаевтың сөзіне жазылған «Әкем - әнім» туындысының авторы Әділбек Сүлейменовтың ән кешінде «Ерен еңбегі үшін медалінің иегері» Айбар Хайырханов, Жаңылсын Хасанова, Халықаралық байқаулардың лауреаты Айбек Тұрарбеков, Тимур Мусин, Айдана Орынғалиева, Облыстық байқаулардың лауреаттары Азат Қабиев, Асел Кажимова, Аслан, Жасұлан Зинеденовтар, Нұрәлі Өтеғалиев, «Достық» вокалды хор үйірмесінің оқушылары және Орал қалалық ардагерлер хоры, Орыс халық аспаптары оркестрі, М.Маметова атындағы № 27 мектеп-лицейінің хор ұжымы өнер көрсетті.
Шығармашылық кеште қала әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов құттықтау сөз сөйлеп, қала әкімі Абат Абайұлы Шыныбековтың атынан алғыс хат табыс етті.
Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығын шығармашылық жұмыспен ұштастыра білген сазгердің рух беретін, патриоттық сезімде туған ерекше туындылары болашақ ұрпаққа мәңгі мұра болып қалары хақ.

Designed by TORUS.KZ