ГККП «Дом культуры молодежи»

Жастар мәдениет үйі туралы ақпарат

«Орал қаласы әкімдігі Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар мәдениет үйі» МКҚК

Жастар мәдениет үйі қаламыздың ең ірі мәдени ошағы болып есептелінеді.

1973 жылдан бастап, 1998 жылға дейін «Теміржолшылар мәдениет үйі» болып жұмыс жасап, 1998 жылы 18 мамырдан бастап, Орал қаласының әкімдігінің шешімі бойынша «Теміржолшылар мәдениет үйі» – «Жастар мәдениет үйі» болып өзгертілді.

Ғимараттың жалпы көлемі – 3953 шаршы метрді құрайды, 500 орындық көрермен залы, 1 спорт залы, 1 кіші зал және 2 би залы бар. Астыңғы және үстіңгі қабатында шағын бөлмелер орналасқан.

Бүгінде аталған мәдениет мекемесінде кәсіптік ұжымдар, үйірмелер жұмыстанып келеді.

«Оралым» фольклорлық ансамблі 2010 жылдың ақпан айында құрылды. Жетекшісі Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлы

Орыс халық аспаптар оркестрі 1998 жылы құрылды. Жетекшісі Джумашева Айгүл Юсуповна

Вокалды аспаптар ансамблі 2003 жылдың маусым айында құрылды. Жетекшісі Абжанов Бекжан Айтқалиұлы

Қалалық скрипкашылар ансамблі 2001 жылдың тамыз айында құрылды. Жетекшісі Нүрпейісова Надежда Еркінқызы

«Салтанат» би ансамблі 2018 жылы құрылды. Жетекшілері Сапарғалиева Бұлбұл Ғайноллақызы, Таңатова Мейрамгүл Серікқызы

Сонымен қатар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, оларды өнерге, шығармашылыққа баулу мақсатында «Ақ кеме» вокалды студиясы, «Әуен» ән үйірмесі, «Нұрай» би үйірмесі, «Достық» вокалды – хор, «Баян», «Домбыра», «Көркемсөз және мәнерлеп оқу», «Театр», «Терме», «Эстрадалық гимнастика» үйірмелері жұмыс істейді. Үйірмеге 7 – 17 жас аралығындағы жасөспірімдер қабылданады.

Designed by TORUS.KZ